Үндістанның қорғаныс министрі Раджнатха Сингханың айтуынша, бұл оқиға түнде Вайшно-деви үңгір храмында болған. Дұға етуге келгендер арасында жанжал шығып, оның салдарынан кептеліс туындаған.
Агенттіктің хабарлауынша, Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди қаза тапқандардың отбасына 200 мың рупий (2,7 мың доллар), зардап шеккендерге 50 мың рупий (670 доллар) көлемінде өтемақы берілетіні туралы мәлімдеген.