Үндістанда ғимарат опырыла құлап, 13 адамды басып қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатында көпқабатты ғимарат құлап, 13 адам ажал құшты. Бұл туралы дүйсенбі күні NDTV телеарнасы құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлайды.

Құтқаруоперациясы барысында үйінділердің астынан 17 адам құтқарылды. Олардың бесеуі –әскери қызметкер. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Алдын аламәліметтерге сәйкес, ғимарат толассыз жауған жаңбырдың салдарынан құлаған болуыықтимал. Штат басшысы Джэй Рам Тхакурдың айтуынша, ғимараттың құрылысытехникалық талаптарға сәйкес болмаған.