АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның әр бөлігінде екі ғимарат құлап, оның салдарынан кем дегенде 11 адам ажал құшты және ондаған адам үйінді астында қалды.
ВВС-дің мәліметінше, сенбіде ел астанасы Делиде көппәтерлі үй құлап, 10 адам көз жұмды, оның бесеуі балалар. Бұл апатқа жақында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары себеп болуы мүмкін.
Бұдан бөлек, Тамил-Наду штатында салынып жатқан 11 қабатты нысанның опырылуы нәтижесінде бір жұмысшы қаза тапты. Полиция өкілінің хабарлауынша, үйінді астында адамдар қалған көрінеді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.