Циклоннан қатты зардап шеккен, Андхра-Прадештегі Висакхапатнам қаласы болды, онда 15 адам қаза тапты.
Екі штат бойынша, 400 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшіріліп, уақытша лагерьлерге орналастырылды.
Метеорологтардың болжамы бойынша, су тасқыны болуы мүмкін. Өйткені, мамандардың айтуынша, таяу күндері Үндістанның шығысындағы алты штатта нөсер жауын болады.
Елдің Премьер-Министрі Нарендра Моди апат шығынын анықтау үшін зардап шеккен аудандарды араламақ.