Жол-көлік оқиғасы Нагаур ауданындағы автожолда орын алған. Мерт болғандар Мадхья-Прадеш штатындағы индуистік қасиетті жерлерге тәу етіп қайтып келе жатқан.
Полиция болған оқиғаның себептерін анықтап жатыр. Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты.