Оқыс оқиға сейсенбі күні кешке орын алған. Қабырғаның құлауына нөсер жауыннан туындаған су басу жағдайы себеп болды.
Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Соңғы үш тәулікте Хайрабад орналасқан Телангана штаты мен көршілес Андхра-Прадеш штатында толассыз жауған жаңбыр су деңгейінің көтерілуі мен бірқатар аудандарды су басуына себеп болып отыр. Хайрабад көшелерінде көлік қозғалысы қиындады.
Нөсер жауын ғимараттардың опырылып құлауына себеп болып отыр. Бұдан бір тәулік бұрын осыған ұқсас оқиға салдарынан Теланганада екі адам қаза тапқан.
Метеорологтар жаңбырдың әлі де тоқтаусыз жауатындығын ескертті.