Үндістанда қалыңдық той үстінде күйеуін ауыстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандағы Рампур қаласында үйлену тойы рәсімі уақытында қалыңдық күйеу жігітін ауыстырды, деп хабарлады BBC News.

Қалыңдық салтанатты рәсім барысында күйеуінің қояншық талмасы ұстап қалғанын көріп, тойға келген қонақтардың біріне тұрмысқа шығуға шешім қабылдаған.

Куәлердің айтуынша, болашақ күйеуі созылмалы ауруы бар екенін жасырғаны қалыңдықтың ызасын келтірген. Ол жігітінің бұлай ауыратыны жайлы тойға дейін айтуы керектігін мәлімдеген.

Жаңа күйеу жолы болмаған «күйеудің» алыс туысқаны болып шықты. Басылым оның отбасы мүшелері болған жағдайды ауыр қабылдап, полицияға жүгінгенін жазады.