Қайықта болған тағы 21 адамды түрлі дәрежеде күйік шалды.
Жапа шеккендердің барлығы Барпета (Barpeta) қаласының ауруханасына жеткізілді. Үшеуінің жағдайы ауыр.
Үндістанда маусым айынан қазан айына дейін жауын маусымы болады. Бұл кезде найзағай да жиі соғады. Мәселен, Бихар штатында жай түсу салдарынан бір күнде тоғыз адам қаза тапты.
Әлеуметтік қызметкерлердің бағалауынша, әлемде жыл сайын найзағай салдарынан орташа алғанда 24 мың адам ажал құшады, сонымен қатар 240 мыңға жуығы түрлі жарақат алады.