Жарылыстың күшті болғаны соншалық фабрика ғимараты жермен жексен болған. Сондай-ақ жақын маңда орналасқан үш тұрғын үй құлады.
Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. Бірақ өнеркәсіптік нысанның аумағында фейерверктер дайындайтын заңсыз цех жұмыс істегені анықталды.
«Жарылыс болған кезде фабрикада адам аз болды. Үйінділердің астында басқа адамдардың болуы екіталай», - деді телеарнаға полиция өкілі Пиюш Шривастава.
Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды.