Полиция ақпаратынша, кульминациялық сәтте 65 жастағы көрермен досына кеуде тұсы ауырғанын айтып, есінен танған. Жедел жәрдем қызметкерлері оны аман алып қала алмады.
Медицина қызметкерлері мерт болған адамның досына мәйітті сараптама жұмыстары үшін өзге ауруханаға апаруын сұраған. Алайда ол мәйітпен бірге жоғалып кетті. Қазір полиция бұл ер адамдар кім екенін анықтап жатыр.