Үндістанда қолдан жасалған бомба төрт адамды мерт қылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Батыс Бенгалия штатында қолдан жасалған бомба жарылып, төрт адам мерт болды, алты адам жараланды, деп хабарлайды Росбалт.

DNA India Daily-дің мәліметтерінше, оқиға жексенбі күні Малда ауданында орын алған. Жарылыс құрбандары жарылғыш заттарды өздері жасаған кезде олардың бірі кенеттен іске қосылып кетті.
Оқиға орнына полиция және жедел жәрдем қызметкерлері шақыртылып, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Олардың барлығы ауыр халде жатыр.