Апат 28 қаңтар кешке елдің батысындағы Нашик қаласы аудандарының бірінде болған. Жүрдек автобус авторикшаны соғып, салдарынан екі көлік те жол бойындағы тереңдігі 18 метрлік құдыққа құлады.
Полиция мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасынан кейін 32 адам ауруханаға жатқызылды. Қаза тапқандар арасында екі жасар екі бала мен 13 әйел бар.
Апат болған жердегі құтқару жұмысы аяқталды. Қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, жол-көлік оқиғасына автобус дөңгелегінің жарылуы себеп болуы мүмкін.