Үндістанда ҚР азаматшасын зорлады деген күдікпен 3 ер адам ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандағы ҚР азаматшасына қатысты ҚР СІМ баспасөз хатшысы түсініктеме жариялады.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Нью-Дели қаласында Қазақстан Республикасының азаматшасын зорлады деген күдікпен үш ер адам ұсталған. Қазіргі уақытта үндістандық полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізуде.

«Министрлік аталған мәселені ерекше бақылауында ұстап отыр. ҚР Үндістандағы Елшілігінің консулдық бөлім қызметкерлері біздің азаматшамыздың құқықтары мен мүдделерін барынша қорғау мақсатында жәбірленуші мен Нью-Дели құқық қорғау органдарымен байланыс орнатқан», делінген хабарламада.