ANI агенттігінің бейсенбі күнгі мәліметіне қарағанда, Одиша мен Батыс Бенгалияда циклоннан төрт адам қаза тапқан.
Одишада төрт метрлік толқындар мен нөсер жауын салдарынан жағалау және ойпаттағы аудандарда орналасқан 130-ға жуық кентті су басқан. Штаттың бас министрі Навин Патнаик зардап шеккен елді мекендердің тұрғындарын азық-түлікпен және ауызсумен қамтамасыз етіп, жағалаудағы аудандармен көлік қатынасы мен электр жабдықталуын қалпына келтіру шараларын қолдануды тапсырды.
Батыс Бенгалия билігі апат салдарынан штатта 10 млн-ға жуық адамның зардап шеккенін хабарлады. «Яас» салдарынан тұрғын үйлер қирап, жолдарды су басқан, циклон ауыл шаруашылығының түрлі секторларына айтарлықтай шығын келтірді.