Үндістанда күші 5,3 балдық жер сілкінісі болды
11:23, 21 Қазан 2013
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Үндістаның солтүстігінде 5,3 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы АҚШ геологиялық қызметінен хабарлады.
Жер сілкінісінің ошағы 96,8 шақырым тереңдікте. Жер асты дүмпулерінің кіндігі Танг қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан. Қаза болғандар мен қирандылар жайлы ақпарат түскен жоқ.