Үндістанда лаңкестік жасалып, танымал діни басшы қаза тапты

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Үндістандағы мешітте болған лаңкестік оқиғада танымал діни басшы Мульви Шовкат Ахмад Шах қаза тапты,

деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

Жергілікті құқық қорғау органдарының мәліметінше, лаңкестік оқиға Үндістанның Сринагар қаласындағы Маисума ауданында болған. Сондай-ақ лаңкестік оқиға салдарынан кем дегенде екі адам жарақат алған, оның бірі ауыр халде.

Оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр. Полицияның болжамынша, лаңкестер велосипедке тағылған жарылғыш затты іске қосқан, ол велосипед Шах жұма күнгі дұға жасап жатқан кезде мешіт алдына қойылған.