Көптеген елді мекенді су басқан. Тас және темір жолдар бүлініп, аймақпен қатынас үзілген. Табиғат апатына байланысты аймақта барлық мектептер жабылған. Уттаракханд, Раджастан және Бихар штатында да осындай жағдай тіркелген. Қазір апат аймақтарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
Айта кетейік, Үндістанда маусым айынан бері толассыз жауын жалғасып келеді. Осы уақыт аралығында жүздеген тұрғын көз жұмып, мыңдаған адам баспанасынан айырылған.