Үндістанда лай көшкінінен 39 адам мерт болды

АСТАНА. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат - Үндістанда лай көшкіні салдарынан соңғы екі күнде 39 адам опат болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

Лай көшкіні Делиден  1,8 мың шақырым қашықтықта, елдің оңтүстігінде орналасқан Тамил Наду штатындағы бірнеше елді мекенді қиратты. Жергілікті билік өкілінің айтуынша, қаза тапқан 14 адамның мәйіті - кеше, тағы 25-і бүгін табылған. Лай көшкіні нөсер жауынның салдарынан туындаған.