Үш жастағы Васим Акрам жыртқыш үйге кіргенде ас үйде, шешесінің көз алдында болған. Аяқ астынан үйге кірген леопард баланы тістелеп сүйреткен күйі орманға кіріп, жоқ болған. Біраз уақыттан соң баланың бассыз денесі табылған.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, соңғы екі айда осымен үшінші рет аңдар адамдарға шабуылдаған. Жуырда ғана осы ауданның сегіз жасар баласы құрбан болған.
Ресми деректерге қарағанда, Үндістанды мекендейтін леопардтардың саны қазір 12-14 мың аралығында.