BBC атап өткендей, Майкл Джексонның өнеріне табынушы Чандрасекаран қара граниттен музыканттың бейнесін жасату үшін мүсіншілерді жалдаған.
Ескерткіш белгілі актер және режиссер Прабху Дева қарауындағы Велс университетінің аумағына орналастырылды. Әртіс Майкл Джексонның қимыл-қозғалыстарына ұқсас биімен көпшілікке танылған.
Салмағы 3,5 тоннаны құрайтын мүсінді 45 күнде алты мүсінші жасаған.