Үндістанда мектеп директорларына оқушылармен бірге тамақтану міндеттеледі

АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат - Үндістандағы Бихар штатында 27 баланың өмірін қиған трагедиядан соң, Тамиланд пен Дели штаттарында да бұндай оқиғалар орын алды.

Бір тәуліктен соң сапасыз астан Тамиланд штатында 105 бала, содан кейін Делиде 21 бала уланған. Абырой болғанда, бұл жолы адам шығыны жоқ. Дәрігерлер балалар мектепте муниципалды бағдарлама бойынша берілетін аскорбин қышқылынан уланған деп қауіптенуде. Бұндай жағдайдан кейін мектеп директорларына оқушылармен бірге тамақтану міндеттеледі деп болжануда.