Үндістанда МиГ-21 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

БАРМЕР. ҚазАқпарат — Үндістан елінің әскери әуе күштерінің «Бизон» МиГ-21 жойғыш ұшағы Раджастан штатының Бармер қаласында апатқа ұшырады. Бұл туралы ҚазАқпарат АNI агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның мәліметінше, төтенше оқиға жаттығулық ұшу кезінде орын алған. Ұшқыш аман, деп нақтылады агенттіктен.

Оқиғаның басқа мән-жайлары әзірге хабарланбауда.