Үндістанның солтүстігінде осы аптада жауған нөсер жаңбыр 100 адамның өмірін қиып, аласапыран туғызды.
Өлім-жітімнің көбі Химачал-Прадеш таулы штатында тіркелген. Онда көліктерді, автобустар, көпірлер мен үйлерді қуатты су тасқыны шайып кеткен, аймақта лай көшкіні жүрді.
Нью-Делиде Джамуна өзенінің жағалауындағы тұтас аудандар, соның ішінде бірнеше үкіметтік ғимараттар су астында қалған.
Мыңдаған адам эвакуацияланып, мектептер мен колледждер жабылды.
Билік өкілдерінің айтуынша, бұл - Үндістанда соңғы онжылдықтарда болған ең күшті муссон.
Метеорологтар алдағы күндері елдің солтүстік аймақтарында тағы да жауын-шашын болады деп болжап отыр.