Max Hospital медициналық орталығының қызметкерлері жаңа туған егіздердің бірі өлі туып, екіншісіне өкпенің жасанды вентилияциялау аппаратын қосу қажеттігін айтқан. Дәрігерлер алғашқы үш күндік емдеу үшін егіздердің ата-анасынан 1,5 мың доллар сұрап, ал одан сәбидің ауруханада өткізген әрбір күні үшін 775 доллардан төлеуді талап еткен. Оның үстіне бала өмір сүріп кетуі үшін үш ай ауруханада жатуы тиіс еді.
Very unfortunate incident, have asked Delhi government to look into it the matter and take necessary action: Union Health Minister JP Nadda on Max Hospital medical negligence issue #Delhi pic.twitter.com/WBPtlhlVH6
— ANI (@ANI) 1 декабря 2017 г.
Оған шамасы жетпеген ата-ана сәбиді басқа ауруханаға жатқызбақ болады. Содан кейін дәрігерлер бала шетінеді дегенді айтады. Олар қайғысы қалыңдай түскен ата-анаға сыңарлар салынған екі полиэтилен пакетті тапсырады.
Алты сағаттан соң, сүйегін кремациялау алдында ғана нәрестелердің әке-шешесі пакеттердің бірі қимылдай бастағанын аңғарып қалады. Лезде пакетті жыртып, баланы жуық маңдағы ауруханаға жеткізеді. Қазір нәрестенің жағдайы тұрақты.
Үндістан денсаулық сақтау министрі Джагат Пракаш Надда мұны жантүршігерлік оқиға деп атап, Дели үкіметіне бұған тиісті шаралар қарастыруды тапсырды.
Жергілікті құқық қорғау органдары оқиға бойынша тергеудің басталғанын хабарлады.