Үндістанда найзағай түсуден 17 адам мерт болды

АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Үндістанның Бихар штатында кеше түнде қайғылы оқиға орын алды. Найзағай түсіп 17 адам мерт болды. Қаза болғандардың бәрі деревня тұрғындары, олардың ішінде екі бала бар, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Жыл сайын Үндістанда найзағайдан опат болғандардың саны жүздеген адамға жетеді, әсіресе мұндай қайғылы оқиғалар маусым айынан қыркүйекке дейін созылатын муссондар маусымында жиі орын алады. Негізінен елдің солтүстік-шығысында жазықта орналасқан Бихар штаты көп зардап шегеді: тек қана өткен айдың өзінде онда 26 адам найзағайдан опат болған.