Үндістанда нөсер жауын салдарынан құрбан болғандар саны 66 адамға жетті

Фото: Xinhua
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Үндістанның солтүстігінде нөсер жауын салдарынан болған апаттан кемінде 66 адам мерт болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Осыған дейін 50 адамның құрбан болғаны хабарланған. Үндістанның солтүстік Химчал-Прадеш және Уттаракханд штаттарына жексенбі мен дүйсенбі күні мол көлемде нөсер жауын жауып, соның салдарынан көшкін жүріп, үйлер қирады.

Әсіресе Химачал-Прадеш шттында көп адам өлген. Бұл өңірде сәрсенбі күнгі мәліметтер бойынша 60 адамның мерт болғаны белгілі. Шимала штатында жауыннан храмның ғимараты бүлініп, 12 адам мерт болған. Қалада табиғат апаты салдарынан барлығы 20 адам көз жұмған. Көршілес Уттаракханд штатында кемінде 6 адам мерт болып, тағы 7-уі іздестірілп жатыр.

Жауын мөлшерінің тым зор болуына байланысты аталған екі шататтағы жолдардың кейбір бөлігі жабылды. Жергілікті билік өкілдері туристерге жақын күндері бұл жерге бармау керектігін ескертті. Метеорологтар өңірде күн 19-шы тамызға дейін жаңбырлы болатынын айтып отыр.

The Pioneer басылымының жазуынша, құтқарушылар Саммер-Хилл мен Кришна-Нагар аудандарынан индуистер храмы мен өзгедер үйлердің қираған жерінен 20 адамның мәйітін тапты. Қирандылар астында тағы кемінде 10 адам бар. Іздеу жұмыстары жалғасуда. Сәрсенбі күні нөсер жауын салдарынан Химачал-Прадеште барлық оқу орындары жабылып қалды.

Штатың бас министрі Сухвиндер Сингх Сукху кейінгі бірнеше күнде ылғалдың 157% артуы үлкен экономикалық шығынға соқтырғанын айтты.

Химачал-Прадеш әкімшілігі Үндістан үкіметін штатты төтенше апат болған аймақ деп жариялап, табиғаттың дүлей күшінің салдарымен күреске шұғыл көмек көрсетуге шақырды.