Телеарнаның дерегінше, Амритсар қаласынан Патанкотқа бара жатқан пойыз индуистік діни мереке - Дашараға байланысты өтіп жатқан шараларды тамашалап жүрген бір топ адамды басып кеткен.
Шамасы олар лапылдай жанған отшашулардан қорқып, темір жолға жүгіріп шыққан болуы керек. Полицияның мәліметіне қарағанда, кемінде 10-15 адам қаза тапқан.