Автобуста 40 адам болған, оның ішінде әйелдер мен балалар да бар. Автобус Орисса штатындағы жолда кілт бұрыла беріп, құлап кеткен.
Үндістанда жолдағы қауіпсіздік деңгейі өте төмен: жыл сайын он мыңдаған адам жылдамдықты асыру, трассалардың жағдайының нашарлығы және автопарктың тозуы салдарынан қаза тауып жатады.