Үндістанда паром апатқа ұшырағаннан кейін шамамен 70 адамның мәйіті табылды

АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - Үндістанның Батыс Бенгалия штатындағы Хугли өзенінде адамға толы паром апатқа ұшырағаннан кейін үш күн өткен соң құтқарушылар шамамен 70 адамның мәйітін тапты,

деп хабарлайды РБК

50-дей адамның тағдыры белгісіз болып отыр.

Апатқа ұшыраған паромның ішіндегі барлық жолаушылар қажылыққа бара жатқан екен.