«Бес адам қаза тапты. Олар жолда кездескеннің бәріне шабуылдаған пілдің құрбаны болған», - деп мәлімдеді округ басшысы.
Оның айтуынша, билік жануарды іздеп, оны ұйықтату үшін арнайы команда жіберген. Штаттың үкіметі шабуыл құрбандарының отбасына $5,6 мың көлемінде өтемақы бөлді.
2010 жылдан бері Ассам штатында 761 адам пілдердің шабуылынан мерт болған.