Үндістанда пірәдарлар мінген баржа аударылып кетті: 21 адам қаза тапты

ДЕЛИ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат – Үндістанның солтүстігінде индуист-пірәдарларды тасымалдап бара жатқан баржа аударылып кетті.

Оқиға салдарынан 60 адам суға құлап, 21 адам опат болған, 20 адам үз-түзсіз жоғалған. ҚазАқпарат бұл туралы РБК агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Оқиға Ямуна өзенінде болған. Апатқа баржаға адамдардың шектен тыс көп отырғызылуы себеп болуы ықтимал, дейді полиция қызметкерлері.