Үндістанда полиция мен мұсылмандардың арасында болған қақтығыста 18 адам қаза болды

None
АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - АҚШ-та Құранды қорлау фактілеріне наразылық білдірген Үндістанның Кашмир штатындағы мұсылмандардың полициямен болған қақтығысында 18 адам қаза болды. ВВС агенттігінің хабарлауынша, штаттағы қалалардың көшелеріне шыққан ондаған мың адам американдық священниктердің әрекеттеріне наразылықтарын білдірген, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Осындай оқиға Ауғанстанда да орын алды. Құранды өртеу туралы үндеуге нарызылық білдірген мұсылман қауым полициямен қақтығысып қалып, оның салдары 2 адамның өлімімен аяқталды, тағы бес адам жарақат алды.

Естеріңізге сала кетейік, флоридалық шіркеудің пасторы Терри Джонс 2001 жылғы Нью-Йорктегі лаңкестік әрекеттің құрбандарын еске алу үшін қыркүйектің 11-інде Құранды өртеу туралы бастама көтерген болатын. Оның бұл үндеуі американ басшылығының және әлемдік қауымдастықтың үзілді-кесілді наразылығын туғызды. Пентагон, Ватикан, Ақ үй әкімшілігінің өкілдері және Барак Обаманың өзі мәлімдеме жасап, бұл акцияны айыптады. Қоғамның және саясаткерлердің қысымымен пастор Т.Джонс өз ниетінен бас тартқанымен, оның идеясын басқа священниктер - Боб Олд және Дэнни Аллен деген пасторлар жүзеге асырды. Американдық пасторлардың бұл әрекеттеріне жауап ретінде үнділік мұсылмандар христиан мектебі мен шіркеуін өртеп жіберді.