Үндістанда пойыз бен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан алты адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандық Андхра-Прадеш штатында жүк көлігі өтіп бара жатқан пойызға соғылды. Салдарынан алты адам қаза тапты, 20-сы жапа шекті.

РИА Новости хабарлағандай, оқыс оқиға Анантапур қаласында орын алған. Жүк көлігінің жүргізушісі мен пойыздың алты жолаушысы ажал құшты. Олардың ішінде Карнатака штатының конгресс мүшесі болған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі вагон рельстен шығып кеткені туралы хабарланды.

Фото: AP