Агенттік мәліметтеріне қарағанда, оқиға Үндістанның солтүстігіндегі Пенджаб штатының Амритсар қаласында болған. Пойыз меркеге қатысып жатқан халықты басып өтіп, оқиғаның салдарынан 60 адам мерт болып, 100-ге жуығы жарақат алған. Бұл туралы Би-би-сиге жергілікті полиция хабарлаған.
Қайғылы жағдай болған жерде индуистердің басты мерекелерінің бірі - Дусшера, яғни мейірімділіктің зұлымдықты жеңу мейрамы өтіп жатқан. Пойыз қаққанда жүздеген адам рельсте тұрып сайтандар королі Равананың бейнесіндегі қуыршақтың өртенгенін бақылап тұрған, деп хабарлаған Би-би-си тілшісіне оқиғаның куәгерлері.
Олар сонымен қатар қуыршақтың жарылғыш заттарға толы болғанын, соның даусынан мерекеге қатысушылардың пойыздың келе жатқанын байқамай қалғандығын айтты. Бұл жерде халықты толғандырып отырған басты сауал - неге машинист құрамды тоқтатпады деген мәселе болып отыр.
Фото: belta.by