Үндістанда пойыз рельстен шығып кетіп, 20-дан астам адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандық Уттар-Прадеш штатында пойыз рельстен шығып кетіп, кем дегенде 22 адам қаза тапты, деп хабарлады жергілікті билік.

Сондай-ақ ондаған адам жараланған, деп хабарлады Би-Би-Си.

Полиция, темір жол қызметкерлері, жергілікті тұрғындар вагон арасында қалған жолаушыларды құтқаруға тырысуда.

Үндістанның Қатынас жолдары министрлігінде тергеу басталғанын хабарлады.