АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Уттар-Прадеш қаласына қарасты Сахаранпур қаласында сикхтер мен мұсылмандар арасындағы қақтығыстан үш адам қаза тауып осыдан кейін шаһарда коменданттық сағат енгізілді, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Жанжал сенбі күні таңертең екі дін өкілдері арасындағы жер дауы салдарынан тұтанған. Тәртіпсіздіктер барысында кемінде 23 адам тұтқынға алынды.
Сикх пен мұсылман қауымы арасындағы қақтығыстар Үндістанда жиі орын алып тұрады. Мәселен, өткен айдың 6-сы күні Үндістанның солтүстігіндегі Амритсар қаласындағы Алтын ғибадатханасында болған сихтар мен мұсылмандар арасындағы қақтығыстың салдарынан бірнеше адам жарақат алған еді .
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.