19:11, 22 Сәуір 2009
Үндістанда содырлар 700 жолаушысымен пойызды басып алды
АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат – Үндістанның Джаркханд штатында тыйым салынған Үндістан Компартиясының содырлары (маошылар) пойызды 700 жолаушысымен басып алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.Пойыз Баркхан қаласынан Мұғалсарайға бет алған болатын. Оны басып алу ну орман арасымен өтіп келе жатқанда болды. Шабуылдаушылардың бірі пойызды тоқтататын тежегішті іске қосып, ағаш арасынан содырлар лап қойды. Оқиға орнына полиция бөлімдері жіберілді.Содырлардың жандануы ертең болатын парламент сайлауының екінші кезеңімен байланыстырылуда.