Үндістанда су қоршауында қалып қойған пойыздан бір мың жолаушы құтқарылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенбі күні Индияның батысында алапат су тасқыны салдарынан су ортасында қалып қойған жолаушылар пойызынан құтқарылғандар саны мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы журналистерге Үндістан Орталық теміржолыныңөкілі Сунил Удаси айтты.

«Жалпы 1050 жолаушы қауіпсіз жерге шығарылды. 19 вагоннанжасақталған арнайы пойыз осыжолаушыларды Колхопурға дейін жеткізеді»,- деген Удасидің сөзін келтіреді Times of India газеті.Ал бұдан бұрын 700 жолаушының құтқарылғаны хабарланған еді.

Аса қуатты муссондық нөсер салдарынан болған су тасқынытеміржол платформасын басып қалған. Атап айтқанда, жұма күні кешқұрым Мумбаи –Колхапур бағдарында жолға шыққан пойыз түн жарымында, Мумбаидан 60 шақырым жердесу қоршауында қалды.

Жүздеген жолаушылар ұялы телефондарымен көмекке шақырды. Олардыңкейбіреулері пойыз құрамын дер кезінде тастап шыға алды, бірақ көптеген жандар:әйелдер, баалалар мен қарттар биіктігі 1,5-2 метрге жеткен су қоршауында қалыпқойды.

Жолаушылар 15 сағаттан астам уақытты сусыз, тамақсызөткізген.

Құтқару операциясына моторлы қайықтар, әскери тікұшақтар,сондай-ақ әскери қызметшілер жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар