Үндістанда су тасқыны мен лай көшкінінен қаза тапқандар саны 55-ке жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстік-шығысындағы Ассам және Мегхалая штаттарында су тасқыны мен лай көшкінінен қаза тапқандар саны 55-ке жетті, деп жазады 24.kz.

Тағы 20-дан астам тұрғын із-түзсіз жоғалған. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, Ассам штатында 350 мың адам баспанасыз қалды. Айта кетейік, өткен айда Үндістанның солүстігі мен Пәкістанда су тасқынынан 440 адам көз жұмған.