деп хабарлайды «Эхо планеты».
Штат өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуінен ондаған елді мекен су астында қалды. Үйсіз-күйсіз қалғандардың саны шамамен 300 мың адамға жетеді.
Батыс Бенгалияда жолды су алып, теміржол қатынасы үзілді. Зардап шеккен аймақтардың тұрғындары шатырлы лагерьлерге, мектеп пен мемлекеттік мекеме ғимараттарына көшірілуде. Әсіресе ауыл шаруашылығы жерлері табиғаттың тосын мінезінен ауыр зардап шекті. Апатты аймақта қазір құтқарушылар, әскерилер қызмет көрсетуде.
Жаңбыр салдарынан Бихар, Ассам, Уттар-Прадеш штаттарында да күрделі жағдай қалыптасқан. Метеорологтардың мәліметтері бойынша, соңғы үш тәулік ішінде бұл аймақтарға 850 мм. жауын-шашын түскен. Бұл штаттарда да бірнеше елді мекен су астында қалып, көлік қозғалысы тоқтатылып, бірқатар аймақтар жарықсыз қалды. Уттаракханд пен Химачал-Прадеш солтүстік таулы штаттарында да нөсерлете жауған жаңбыр толастар емес. Ол жақта сел жүру салдарынан жағдай тым ушығып тұр.