Үндістан ІІМ дерегіне сәйкес, елдің оңтүстігіндегі Керала штатында мұндай су тасқындары соңғы жүз жылда болмаған. Тасқындар салдарынан 14 уезде 5 млн 411 мың адам зардап шекті. Табиғи апат зардабын жоюға көмектесетін лагерьлердің орталықтары лық толған. 57 мың гектар ауылшаруашылық дақылдары жойылды.
Су тасқынынан Уттар-Прадеш және Батыс Бенгалия штаттарына да айтарлықтай зақым келді. 200-ден астам адам қаза тауып, 100 мың гектар егістік жарамсыз болып қалды.
Үндістанда маусым айынан қыркүйекке дейін жауын-шашын маусымы болады. Бұл уақытта су тасқындары, лай көшкіндері және басқа да табиғи апаттар жиі орын алады.
Фото: images-cdn.impresa.pt