Бейсенбі күні Үндістан шығысындағы Батыс Бенгалия штатының Майнагури қаласында Гувахати-Биканер бағдарымен жүріп келе жатқан пойыз рельстен шығып кетті. Қазіргі кезде апат себептері анықталуда.
Оқиға орнында құтқару операциясы жүргізілуде. Вагондардың ішінде тағы басқа зардап шеккендер бар екені жоққа шығарылмайды.
Батыс Бенгалия билігі пойыз апатынан қаза болғандардың отбасыларына 500 мың үнді рупиясы (6,7 мың АҚШ доллары), ал жарақат алғандарға 100 мың рупиядан (1,3 мың доллар) өтемақы төленетіні туралы мәлім етті.