Үндістанда температуралық рекорд - +51 градус тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше үндістандық Раджастан штатының Пхалоди қаласында термометр көрсеткіші +51 градусқа жетті. Бұл метеобақылау тарихындағы Үндістандағы ең жоғары температура.

Бұдан бұрын рекорд 1956 жылы жазда тіркелген. Ол кезде Раджастан штаты Алвар қаласында температура 50,6 градусқа жеткен. Штаттың бірқатар басқа да қалаларында температуралық рекорд жаңартылды, деп хабарлады РИА Новости.

Үндістанның Метеорологиялық департаментінің деректеріне сәйкес таяу күндері аптап ыстық күшейе түседі, термометр көрсеткіші 47-ден жоғарылайды.