Үндістанда той автобусы тоғанға құлап, 26 адам қаза тапты

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстік шығысында той автобусы жоғары жылдамдықпен көпір қоршауын бұзып өтіп, тоғанға құлады, 26 адам қаза тапты,

деп хабарлайды Росбалт.

Газета.Ru Associated Press-ке сілтеме жасай отырып хабарлауынша, қайғылы оқиға дүйсенбі күні кешкісін Ассам штатында орын алған.

Жергілікті телеарнаның мәліметтері бойынша, апат кезінде автобуста 40- 50 шамасында жолаушы болған. Алты адам ауруханаға жеткізілді.

Росбалттың хабарлауынша, Үндістан жолдарында жыл сайын жол-көлік апатынан 100 мыңнан астам адам көз жұмады екен.