Үндістанда тұңғыш рет мұсылмандардың жыл адамы атағы беріледі

None
АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат -Үндістанда тұңғыш рет өзгеше атақ тағайындалды. Мумбай қаласында Мұсылмандардың жыл адамы атағы берілетін болды. Жеңімпаз мұсылмандардың дауыс беруі нәтижесінде анықталады.

Байқау мерзімі 2014 жылдың қаңтар айының 10-на дейін созылады.

Ал, нәтижесі келесі жылдың қаңтар айының соңғы аптасында өтетін салтанатты шарада жария етілмек, деп хабарлады muslim.kz.