Үндістанда туристер мінген автобус Гималайдың етегінде шатқалға құлап, 22 адам қаза тапты

АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Үндістанда туристер мінген автобус Гималайдың етегінде шатқалға құлап кетті, соның салдарынан 22 адам қаза тауып, тағы бірнешеуі зардап шекті. Оқиға елдің солтүстік бөлігінде болды, деп мәлімдеді Уттаракханд провинциясының билік өкілдері.

Көлік оқиғасы 52 турист (барлығы - Үндістан азаматтары) мінген автобус Харидвар қаласына қайтып келе жатқан күні кешке болған, деп хабарлайды Associated Press. Қаза болғандардың арасында 13 бала болғаны анықталды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай, үлкен жылдамдықпен тас жолдан шығып кеткен, содан кейін автобус Гималайдың етегіндегі шатқалға құлайды. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, бірнеше жолаушы жүргізушіден жылдамдықты төмендетуін өтінген екен.