деп хабарлайды Associated Press агенттігі ел полициясынан алынған мәліметтерге сілтеме жасап.
Үнділік мемлекеттік компанияға тиесілі қайық елдің алыс ауданы - Делиден 2100 шақырым жерде орналасқан, Керала штатындағы Тэккади қорығына бара жатқан. Қайғылы оқиға, туристер орман шетінде жайылып жүрген бір жануарды байқап, оны жақсырақ көру үшін барлығы қайықтың екінші бортына үдері көшкен кезде орын алған. Адамдардың бір бортқа жиналуының салдарынан паром аударылып кеткен.
Қазіргі уақытта құтқарушылар судан 28 адамның денесін алып шықты, қалған 27 турист іздестірілуде, Зардап шеккен туристердің ұлттары әзірге хабарланған жоқ.