Қыз «қалыпты» аяқ арасындағы шабында орналасқан үшінші аяғымен туды, деп хабарлайды Mirror.
Оның бұндай ауытқуы - өмірге келетін әрбір 100 000-шы сәбиде кездесетін «егіз-паразит» биологиялық құбылысы салдарынан болған. Осындай патологияда егіздің бірі ағзаға қажеттілерді екінші кем дамығанынан сіңіріп алады. Нәтижесінде егіз-паразиттің денесі толығымен немесе жарым-жартылай «күшті» сыңарына жабысады.
Жаңа туған сәбиге жеті күн толғанда оның ата-анасы Хайдабарадон қаласындағы (Үндістандағы Теланган штатының әкімшілік орталығы) ауруханаға алып барады. Қызға үш сағат бойы ота жасалынды. Оның үшінші аяғы алынып тасталды, дәрігерлер баланың толықтай сауығып кетуіне уәде беріп отыр.