Үндістанда үш мектеп оқушысы селфи жасау үстінде көлге батып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның орталығындағы Шингва селосының маңындағы көлге 10-сыныптың үш оқушысы селфи жасамақ болған кезде батып кетті. Бұл туралы ТАСС Махараштра штатының полициясына сілтеме жасап хабарлады.

Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, 15-16 жастардағы бес бала олардың бірінің туған күнін атап өту үшін көлдің жағасына келген. Үшеуі судың жарқабағында селфи жасамақ болған кезде, құлап кетіп, суға бата бастады. Қалған екеуі оларды құтқармақшы болды, алайда олардың біреуі де жүзу білмейтін. Олар достарына көмектесе алмады, өздері әрең аман қалды, балалардың айқайлаған дауысын естіген жергілікті тұрғындар құтқарып қалды.