Күйеу жігіт пен қалыңдық өзге автомобильде болғандықтан зардап шекпеген.
Үндістанның шығысындағы Батыс Бенгалия штатында болған жол аптынан той кортежіне ілескен көліктегі сегіз адам қаза тауып, 22-сі зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости DNA газетіне сілтеме жасап.
Басылымның деректеріне қарағанда, оқыс оқиға бейсені күні батыс Миднапур округінде орын алды. Полицияның хабарлауынша, той қонақтары мінген пикап ағашқа соқтығысып, аударылған. Алты адам сол жерде жантәсілім етті, ал екеуі ауруханаға апара жатқан жолда көз жұмған.